
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде Сүйінбай атындағы орта мектептің оқушыларының қатысуымен «Ашаршылық құрбандары әрқашан біздің жадымызда» атты тарихи сағат өтті. Оқушыларға Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары, халық қасіреті, Қазақстан – лагерьлер өлкесі, еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихы туралы деректі фильм көрсетілді.