1 маусым "Балаларды қорғау" күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи - өлкетану музейі қызметкерлерінің ұймдастыруымен "Бақытты балалық шақ" атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршігдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, "Аю мен қояндар" атты ертегіні музей қызметкерлері қуыршақтар арқылы сахналап берді. Сонымен қатар, музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді. Бүлдіршіндер мен ата-аналар музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып ризашылықтарын білдіріп тарқасты.