31 мамыр саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихқа "Ақкөл көтерілісі" деген атпен енген халық толқуының құрбандарын еске алу мақсатында Ақкөл ауылында "Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар" атты шара өтті. Шараға ауыл тұрғындары, ардагерлер, көтеріліс құрбандарының ұрпақтары және аудан орталығындағы мекеме басшылары мен жастар өкілдері қатысты. Шарада Ақкөл көтерілісі оқиғасының ақиқаты жайлы тарихшылар, өлкетанушылар сөз алып, көнекөз қариялардың естеліктері айтылып, патриоттық әндерге құрылған бағдарлама аясында мектеп оқушыларының арнау-өлең жырлары оқылып, көтеріліс құрбандары есімдері ұлықталды.
Пресс-центр
"Азаттықтың туын көтерген, арда туған Арыстар"
Категория: Новости | |
Дата: 03.06.2019 | |
Просмотры: 449 | Печать страницы |