"Қазақ елінің ұлы тұлғалары"

Категория: Новости
Дата: 23.08.2018
Просмотры: 601 Печать страницы

І.Жансүгіров атындағы тарихи- өлкетану музейінде "Қазақ елінің ұлы тұлғалары" атты тақырыпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме-Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұпаққа үлгі ету, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өтті.
Адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік
құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.Жер үсті өркениеттерінің арғы-бергі тарихына көз жүгіртер болсақ, сол тұғырлы тұлғалар адамзат баласына ортақ сауалдарға жауап іздеу арқылы өз ұлтының көкейкесті мәселелерін жалпы адамзаттық таным мен талдау биігіне көтеріп отырған. Соның нәтижесінде ұлттың ойлау шеңберінің шек-шекарасы кеңейіп, оның әдебиеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің, рухани кеңістігінің абырой-беделі әлемдік сипатқа ие болған.Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.