"Балаларды қорғау" күніне орай Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері 31 мамырда "Жас экскурсия жүргізуші" атты үйірмеге қатысатын балаларды Талдықорған қаласына алып барды. Оларды М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі, И.Жансүгіров атындағы әдеби музейі, көркем галереясын аралатты. Ол жерде оқушылар қызықты экскурсияларды тыңдап, көркемөнер көрмесін көріп қайтты. Қалалық саябақта карусельдерге отырып, көңілдері көтерінкі күйде ауылға қайтты.