
Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Осы айтулы датаға орай І.Жансүніров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Рәміздер-тәуелсіздік белгісі"атты тақырыпта музей көрермендеріне арнайы танымдық сағат өткізілді.