«Адам және Заң»

Категория: Новости
Дата: 24.08.2018
Просмотры: 412 Печать страницы
«Адам және Заң»

2018 жылдың 24 тамызында І.Жансүгіровтің әдеби музейінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Конституция күніне орай «Адам және Заң» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға қазақ елінің алғашқы конституциялық жобасының авторы Б.Сыртановтың немере інісі С.Батырханұлы, Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының және М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының құқық, тарих пәндерінің мұғалімдері,І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының, Алматы облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Алматы облысының ТЖД  ӨС және АҚЖҚ мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және аталған мекемеде өңірлік оқу орталығында бастапқы даярлау курсынан өтіп жатқан өрт сөндірушілер құрамы арнайы шақырылды.

Жиында еліміздің тарихи даму кезеңдеріндегі Ата Заң, оның баптарындағы руханият, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қазақстандық патриотизмді одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Жастар мен аға буын өкілдері Ата Заңымызды ардақтап, оның қағидаларына бағыну әр азаматтың міндеті деген пікірлерін білдіріп,  жас мемлекетіміздің Конституциясы барлық азаматтарға білім алуға,еңбек етуге, өз дінін ұстануға тең құқық беретінін тілге тиек етті. 

Шара соңында музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізіліп,естелік кітаптар сыйға берілді.