«Халық – менің шын атым»

Категория: Новости
Дата: 04.06.2019
Просмотры: 377 Печать страницы
«Халық – менің шын атым»

4 маусым күні Қарасай ауданы, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Халық – менің шын атым» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрме Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында өтті. Көрмеге ұлы жыраудың жеке заттары мен сол замандағы тұрмыстық бұйымдары көрермендердің назарында болды. Көрмеге музей қорынан 50-ге жуық жәдігер апарылып, келушілердің қойылған сұрақтарына жауап берілді.