«Ойнасын, күлсін-бүлдіршін»

Категория: Новости
Дата: 04.06.2019
Просмотры: 386 Печать страницы
«Ойнасын, күлсін-бүлдіршін»

М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ойнасын, күлсін-бүлдіршін» атты «Қамқор» үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық мерекелік шара ұйымдастырды. Аталмыш шарада «Унисон» облыстық жасөспірімдер хор ансамблінің «Жетісу заманауи және спорттық би студиясының» және «Жас актер» театр үйірмесінің  жеткіншектері ән салып, би билеп, «Әрқашан күн сөнбесін» атты әдеби монтаж оқылды. Сондай ақ, «Қуанышты күн» атты сергіту сәті ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге тілек қағазына қолтаңбалары қойылып, әуе шары арқылы аспанға ұшырылды және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сыйлық таратылды.