Үстіміздегі жылдың 7 маусым күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты бойынша Талдықорған қаласындағы №5, №12 және №14 орта мектептің оқушыларына арнайы туристік саяхат ұйымдастырылды. Саяхат бағыты облыс орталығы Талдықорған қаласынан басталып, Жаркентке дейінгі бағытта кездесетін кесенелер, ескерткіштер, киелі орындар,табиғат ескерткіштері туралы қызықты мәліметтер берілді. Сондай-ақ жол бойында ойындар ойнатылып, естелік сыйлықтар тартылды. Саяхатқа қатысушылар ең алдымен жеті ғасырдан бері өсіп тұрған қасиетті Әулиеағашты тамашалап, «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі, Ә. Қастеевтің көркемсурет галереясы, Жауынгерлік Даңқ мұражайымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.
Пресс-центр
«Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Талдықорған – Жаркент бағыты
Категория: Новости | |
Дата: 10.06.2019 | |
Просмотры: 501 | Печать страницы |