2019 жылдың маусым айының 11-ші жұлдызында, Сарқан ауданының тарихи музейі мен «Черкасск қорғанысы» экспозициялық кешенінде, жаздық сауықтыру мектеп лагеріндегі балалар мен ата-аналарға «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында Сарқан ауданының тарихы мен «Черкасск қорғанысы» туралы оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Балалар қызыға тыңдап, соңында музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.