«Қазақтың қазыналы қолөнері»

Категория: Новости
Дата: 11.06.2019
Просмотры: 365 Печать страницы
«Қазақтың қазыналы қолөнері»

2019 жылдың 11 маусым күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың қазыналы қолөнері» атты көрме өтті. Көрмеге «Жамбыл ата келіндері» халықтық ансамблі әжелердің жеке қорларынан ұлттық бұйымдар, көрпелер мен кестелі орамалдар қойылды. 20 жылдық тарихы бар ансамбль әжелерінің Алматы облысы, Жамбыл ауданы бойынша атқарған еңбектері орасан зор. Іс-шара барысында ансамбльдің жетекшісі Ахметова Кулмайрам көрмедегі бұйымдардың тарихын атап өтсе, Баққожаева Ажар құрақ көрпелерді тігудегі сыр-қырымен бөлісті. Боранбаева Бақшагүл кесте тоқудың әдістерін көрсетіп, шағын шеберлік класс көрсетті. «Жамбыл ата келіндері» ансамбль әжелері Жамбыл Жабаевтың «Угәйәй» әнін орындады. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музей меңгерушісі Жамбылова Салтанат әжелердің орасан зор еңбектерін ескеріп, музей ұжымы атынан алғыс хатпен марапаттады. Көрме соңында ауылымыздың ақсақалы Әлқожа ата ақ батасын беріп, жас ұрпаққа жарқын болашақ тіледі.