Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылығымен қолға алынған «Жетісу жауһарлары» атты облыстық жобаның кезекті Талдықорған –Алтынемел бағыты бойынша экскурсиялық-саяхаты 15 маусым күні ұйымдастырылды. Саяхатқа Талдықорған қаласының № 9,12 және 24 орта мектептерінің оқушылары қатысты. Экскурсия кезінде экскурсанттарға маршруттық бағыт бойынша табиғи, тарихи ескерткіштер мен қатар Ш.Уалихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің де экспозициясымен танысуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, саяхатшылар туристердің сүйікті жерлерінің біріне айналған – «Әнші құмға» көтеріліп, оның қайталанбас табиғатын тамашалап қайтты.