"Тіл тазалығын сақтайық"

Категория: Новости
Дата: 19.06.2019
Просмотры: 398 Печать страницы

Бүгін І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде, музей қызметкерлерімен Ақсу ауылдық мәдениет және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Тіл тазалығын сақтайық" атты акцияның ашылу салтанаты өтті. Шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің мәні мен маңызы, тіл тазалығын сақтау, шұбарлап сөйлеуге жол бермеуді жас ұрпақтың санасына жеткізу,сонымен бірге, тұрғындарға тіл тазалығына шақыратын парақшалар таратып, мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақырды. Шара барысында жастар тіл туралы жазған өлең жолдарын оқып әннен шашу шашты.