2019 жылдың 20 маусым күні Ақан Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері Қапал ауылдық округінің әкімдігі қызметкерлері мен "Тамшыбұлақ" жазғы лагерь балаларына "Тіл - ұлттың жаны" атты лекция өткізді. Тілдің бүгінгі жай-күйі мен өзекті мәселелері айтылды. Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы қолданыс ауқымдылығы да талқыланды. Лекция соңында аудиториямен диалог құрылып, кері байланыс орнатылды.