Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылында Ресей Ғылым Академиясының Археология институтының ғылыми қызметкері Д.В.Ожерельевтің жетекшілігімен Өрікті тұрағында қазба жұмыстары жүргізілуде. Оған Есік археологиялық - өлкетану музей қызметкері Ә.Рахметов қатысты. Өрікті тұрағының маңынан кездейсоқ табылған көне қырғыш тасқа ұқсас эскпонаттар музей қорында кездеседі.