Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші

Категория: Новости
Дата: 25.06.2019
Просмотры: 362 Печать страницы
Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші

2019 жылы 20 маусымда Жамбыл ауданының мәдениет үйінде Үмбетәлінің ұрпағы суретші-ақын Әуелбек Ысқақовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші мен сурет көрмесі өткізілді. Жиынға Нұрсұлтан, Алматы, Талдықорған қалаларынан белгілі өнер иелері мен қоғам қайреткерлері қатысты. Жиын барысында ақын Әуелбек Ысқақовтың "Қазақ университеті" баспасынан жарық көрген "Егіз өнер" кітабының тұсаукересі өтті. Сондай-ақ шығармашылық кешінің екінші бөлімінде Әуелбек Мұсаханұлының қыл қаламынан туған туындылар көрмесі тамашаланды. Іс-шараны 500-ден астам адам тамашалап, ҚР Суретшілер одағының төрағасы, Ө.Жұбаниязов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Қазығұловтар жоғары баға берді. 21 маусымда Нұрсұлтан қаласынан Ү.Кәрібаев музейіне арнайы ат басын бұрған ҚР Мемлекет қайраткері, актриса К. Қожахметова және ҚР Еңбек сіңгер әртісі Б.Байсағатов бір топ әріптестерімен Үмбетәлі ақынның ұрпақтарымен және музей қызметкерлерімен кездесу өткізіп, ақын мұражайын аралап қайтты.