Талдықорған – Шарын бағыты

Категория: Новости
Дата: 25.06.2019
Просмотры: 380 Печать страницы
Талдықорған – Шарын бағыты

Үстіміздегі жылдың 24 маусым күні «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Талдықорған – Шарын бағыты бойынша арнайы туристік саяхат жүргізілді.  Саяхатқа Талдықорған қаласындағы, №1, 2, 9, 12 және №25 орта мектеп оқушылар мен ұстаздары қатысты.Оқушыларға бағыт бойынша дайындалған жолкөрсеткіш пен Шарын шатқалының буклеттері және сыйлық ретінде естелік үшін ақ түсті бас киім таратылды. Бұл бағытта туристтердің қызығушылығын тудыратын көне Есік қаласының орны, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі Шелек тарихи-өлкетану музейі және «Шарын» МҰТ паркі жайлы қызықты да, танымдық экскурсия жүргізілді.