Талдықорған – Шарын шатқалы бағыты

Категория: Новости
Дата: 27.06.2019
Просмотры: 564 Печать страницы
Талдықорған – Шарын шатқалы бағыты

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 2019 жылдың 26 маусымында қалалық №1, 2, 5, 9, 10, 14, 16 және №28 орта мектеп оқушылары мен ұстаздарына Талдықорған – Шарын шатқалы бағыты бойынша екінші рет саяхат жүргізілді.Саяхаттың мақсаты Жетісу өлкесінің жақұты - Шарын шатқалының сырға толы тарихымен таныстыру.Жобаға жалпы 40 адам қатысты. Оқушыларға бағыт бойынша дайындалған жолкөрсеткіш пен Шарын шатқалының буклеттері және сыйлық ретінде естелік үшін ақ түсті бас киім таратылды. Бұл бағытта Шыңғыс хан тағы, Арқарлы асуы, Қапшағай бөгені мен қаласы, «Жеті қазына» құсбегілер музейі және Шарын шатқалы бойынша саяхат жүргізіліп, қызықты мәліметтер айтылды.Шарын шатқалының керемет көрінісі мен сырға толы аңғарлары, Шарын өзені саяхатшылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Саяхаттан соң оқушылар мен мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.