«Күмбірлеген, күй – домбыра»

Категория: Новости
Дата: 01.07.2019
Просмотры: 325 Печать страницы
«Күмбірлеген, күй – домбыра»

1 шілде Домбыра күніне орай Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде «Күмбірлеген, күй – домбыра» атты іс-шара өтті. Іс-шараға арнайы қонақ  ретінде Жамбыл ауданы, Сарыбай би ауылының тұрғыны, өнер мектебінің мұғалімі, қолөнер шебері Еркін Жолбосынұлы шақырылды. Сондай-ақ, Жамбыл ауылы ақсақалдар алқасы мен «Жамбыл ата келіндері» халықтық ансамблі әжелері келді. Еркін мырза өзі жасаған домбыралар мен қажетті құралдарын әкеліп, домбыраның жасалу техникасын түсіндіріп, қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Музей меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы Жамбыл Жабаевтың күйшілік өнері мен домбыралары туралы сөз қозғаса, Жамбыл ауылы Мәдениет үйінің басшысы Ермек Шаштайұлы өзінің әкесінің күйшілік өнері туралы сыр шертті, Әлқожа Масенов ауылдан шыққан күйшілер туралы естеліктер айтты. «Жамбыл ата келіндері» ансамблі әжелері «Ата толғау», «Балбырауын» күйлерін шертті. Сондай-ақ конференция залдағы теледидардан  Нұрғиса Тілендиев пен Бекболат Тілеухановтың естеліктері айтылған видеоролик көрсетілді.   Жамбыл ауылы ақсақалдар алқасы төрағасы Балаев Бақыт музей ұжымына алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың жылына бір рет емес, ай сайын тойлану қажет деген ұсыныс білдірді.