2019 жылдың 1 шілдесінде М.Төлебаевтың мемориалды музейінде Домбыра күніне орай «Домбыра – қазақ тарихының дастаны» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме мақсаты ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Көрменің ашылу салтанатында мәдениет үйі қызметкерлері ән айтып, Ушинский орта мектебінің оқушы қыздары домбыра биін биледі. Сонымен қатар Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Рысбек Ануардың орындауында Құрманғазының «Балбырауын» және «Сарыарқа» күйлері шертілді. Көрме барысында экспозицияға қойылған домбыралардың тарихы және қазақ мәдениетіндегі айрықша орны туралы айтылды. Шара соңынан ауыл имамы Досмырзанов Серік домбыра туралы аңызды әңгімеледі. Көрмені тамашалауға келген қонақтар ерекше әсер алып, ризашылықтарын білдірді.
Пресс-центр
«Домбыра – қазақ тарихының дастаны»
Категория: Новости | |
Дата: 01.07.2019 | |
Просмотры: 380 | Печать страницы |