«Ата Заң – асыл қазынам»

Категория: Новости
Дата: 28.08.2018
Просмотры: 429 Печать страницы
«Ата Заң – асыл қазынам»

Бүгін  28 тамыз күні Ақын Сараның мемориалды музейінің қызметкерлері оқушылар мен ұстаздарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата Заң – асыл қазынам»атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында Конституцияның шығу тарихы мен бүгінгі күндегі қолданысы жайлы айтылып, қысқаша бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар келген қонақтарға музей залдары таныстырылды. Қонақтар Сара Тастанбекқызының жеке заттары мен жәдігерлері ерекше әсер қалдырғанын жасырмады. Музей қызметкерлеріне алғыстарын айтып, шығармашылық табыс тіледі.