"Үкілі домбыра"

Категория: Новости
Дата: 02.07.2019
Просмотры: 368 Печать страницы

Шілде айының алғашқы аптасы "Ұлттық домбыра күні" болып белгіленуі жай­дан-жай емес. Домбыра – ол қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі болғаны тарихтан белгілі. Сондай-ақ, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті саналған. Домбыраның әуенімен қазақтың талай күйшілері, ақын-жыраулары мен сал-серілері музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен. Осы орайда, белгілі ақын-жазушы Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деген нақыл сөзі бар қазақтың жүрегінде лүпілдеп соғып тұрғандай.Аталған мерекеге орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Үкілі домбыра"атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында көрермендерге қасиетті қара домбыраның шығу тарихы жайында аңыз әңгімелерді тілге тиек ете отырып қызықты мағлұматтар берілді.