«Музей қорына үлес қос!»

Категория: Новости
Дата: 04.07.2019
Просмотры: 305 Печать страницы
«Музей қорына үлес қос!»

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Музей қорына үлес қос!» акциясы аясында белсенділік танытып, атажұртындағы музей қорына құнды экспонат - кенеп матаға майлы бояумен салынған суретші Мұрат Ерхасанның туындысы, мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың портретін сыйға тартқан арда азамат Жексембиев Бақытжан Разақұлымен кездесу өткізілді.

Шараға Бақытжан Разақұлымен бірге үзеңгілес әріптес әрі достары Алыбаев Серікхан, Қасымов Алтай сынды танымал ел азаматтары мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бөпешбаев Әлібек пен аудандық мәдениет үйі қызметкеткерлері, ардагерлер өкілдері, сондай-ақ ауыл жастарынан құрылған «Жасыл ел жасақтары» мүшелері қатысты.

Музей экспозициясымен танысқан қатысушылар жүздесуі дөңгелек үстел басындағы сыр-сұхбатқа ұласты. Қонақтарға арналған ақ тілектер айтылып, алғысқа толы ақындардың ода-жырлары жолданып, Бақытжан Разақұлына аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлының «Алғыс хаты» тапсырылып, сый-құрмет көрсетілді. Кеш қонақтарының да ризашылық пейіліне куә болған қатысушылар музей қызметкерлеріне өркениет жолындағы өрелі істеріне алғыс сезімдерін білдірді.