
Шілде айының 3-ші жұлдызында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлері Талдықорған қаласы "Бəйтерек" күндізгі сауықтыру орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай "Біз бақытты баламыз, Астанаға барамыз" атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Шараға балалар ата-аналарымен бірге белсене қатысып, сыйлыққа ие болды. Шара соңында музей залдары бойынша саяхат жүргізілді.