Ақын Сараның мемориалды музейінің «Тәуелсіздік» залында 6 шілде Астана күні мерей тойына арналған «Астана - алашымның аманаты» атты танымдық сағат өткізілді. Іс шара барысында Қазақ елінің әр сатысында әр түрлі астана болған қалалардың суреттері көрсетіліп, Астананың қалыптасу тарихы мен ол туралы аңыз-әңгімелер айтылып кетті. Мерекелік іс - шараға қатысқан оқушылар Астана символы Байтерек туралы аңызын айтып, бүгінгі күні Астананың Нұр-Сұлтан атына байланысты сөздер құрастырып жарысты. Іс шара соңында музей залдары бойынша экскурсия тамашалады.