"Ұлттық домбыра күнін" қолдау мақсатында 4 шілде күні М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" атты "Бəйтерек" күндізгі сауықтыру орталығының бүлдіршіндеріне қайырымдылық шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты:жасөспірімдердің ой ұшқырлығын шыңдап, ата-бабадан нәсіп болған домбыраға,дәстүрлі күйлерге қызығушылық сезімін оятып, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. Шарада музыка аспаптарын жасаушы Т.Рымжанұлы өз шеберлігін көрсете отырып,домбыра жасаудыңқыр-сырымен таныстырды. Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының фольклорлы-этнографиялық "Сазген"ансамблінің мүшесі А.Қайратұлы және 14 мектеп оқушыларының орындауында əн айтылып, "Ақсақ құлан" аңызы желісінде күй шертілді.
Пресс-центр
"Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ домбыра"
Категория: Новости | |
Дата: 04.07.2019 | |
Просмотры: 333 | Печать страницы |