«Конституция Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны»

Категория: Новости
Дата: 29.08.2018
Просмотры: 410 Печать страницы
«Конституция Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны»

      30 тамыз егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осыдан 23 жыл бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап, Тәуелсіздік туын желбіретіп, аз уақыттың ішінде тұғыры нық, туы биік мемлекеттігімізді орнаттық. Еліміздің Ата Заңы қоғамдық құндылықтың алтын арқауы және мемлекеттік биліктің бастауы. Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес.Осыған байланысты  2018 жылдың 28 – ші тамызында Сүйінбай Аронұлының әдеби - мемориалды музейінде «Конституция Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны» атты тарихи кеш өткіздік. Кешке "Нұр - ай" балабақшасының балалары мен тәрбиешілері келіп қатысты.Аталған шараның мақсаты: балаларға еліміздің рәміздерін қастерлеп,өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрін сақтап, Ата заңымызды құрметтеп, ұлтжандылыққа, достыққа тәрбиелеу болатын. Кеш соңында музей қонақтары музей ішін аралап алғыстарын білдірді.