"Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі"

Категория: Новости
Дата: 09.07.2019
Просмотры: 319 Печать страницы

Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Нұр-Сұлтан – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі және өзге елдермен терезесі тең, болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Нұр-Сұлтанның осындай жетістікке жетуі, тұғырлы тәуелсіздік пен тұңғыш Елбасымыздың қол жеткізген биік белестерінің арқасы. Сондай-ақ армандар орындалатын, дамушы Қазақстанның жарқын жетістіктерінің нышаны.6 – шілде Астана күніне орай І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейінде "Нұр-Сұлтан- қазақ елінің жүрегі" атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрме еліміздің бас қаласының тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескертікіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәлімет беретін суреттер жиынтығынан құралды.