«Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара

Категория: Новости
Дата: 11.07.2019
Просмотры: 313 Печать страницы
«Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара

Ағымдағы жылдың 8-шілдесі күні, Батыр бабалар мемориалды музейі қызметкерлері шілде айының алғашқы жексенбісі домбыра күніне орай, Қарасай ауданы, Қайнар орта мектебі жанындағы лагерь оқушыларына «Домбыраға тіл бітсе...» атты тақырыпта мәдени іс-шара ұйымдастырды. Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа домбыраның қазақ халқының ерте замандардан қолданылып келе жатқан бірден-бір ұлттық музыкалық аспабы екендігін түсіндіру және домбыраның көмегімен атақты – Құрманғазы, Дина сияқты дәулескер күйшілер мен жыр алыбы – Сүйінбай, Жамбыл сынды т.б. ақындардың жеткен жетістіктері жайында түсіндіру болды.