Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 17-ші шілде күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері арасында «Қазақша жаңаша жазайық» тақырыбында қазақ тілінің дамуына үлес қосып, жаңа жүйе бойынша мәтін жазып, жаңашалатын латын қарпімен диктант жазылды.