І.Жансүгіровтің әдеби музейі

Категория: Новости
Дата: 24.07.2019
Просмотры: 408 Печать страницы
І.Жансүгіровтің әдеби музейі

Күллі мәдени мұраларымызды, оның ішінде рухани құндылықтарымызды жинақтау, зерттеу мен зерделеу – уақыт талабы. Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, бүгінгі  мерейтойы да – кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Биылғы жылы 125 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан құлагер ақын І.Жансүгіровтің әдеби музейінің де құрылғанына 35 жыл толып отыр.  Халыққа мәдени қызмет көрсетіп келе жатқан мекеме ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Музей үйі маусым-тамыз айлары аралығында жөндеуден өтіп, жаңа тыныс алып, қала тұрғындары және қонақтарымен қайта қауышпақшы.