Талдықорған – Көлсай бағыты

Категория: Новости
Дата: 29.07.2019
Просмотры: 370 Печать страницы
Талдықорған – Көлсай бағыты

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Өз жеріңді танып біл» бастамасын көтерген болатын. Аталмыш жолдау аясында М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Жетісу жауһарлары» атты жобаны іске асыру мақсатында 2019 жылдың 27 шілдеде кітапхана қызметкерлері, Алдабергенов атындағы орта мектебінің оқушылары, №2 мектеп оқушылары, НЗМ-нің  оқушылары мен ата-аналарына және музей қызметкерлеріне Талдықорған – Көлсай  бағыты бойынша экскурсиялық саяхат жүргізілді.

       Бұл бағытта Талдықорған қаласы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан Ғ.Орманов ескерткіші мен жол бойындағы Үш ата ескерткіші, Қ.Жалаири ескерткіші бойынша, Балпық би ауылы, Айнабұлақ станциясы, Шыңғысханның тағы, Алтынемел ұлттық саябағы, Қапшағай су бөгені туралы қызықты мәліметтер айтылды. Бұл экскурсиялық саяхатта Жетісу жерінің жауһарларының бірі, солтүстік Тянь-Шаньның  інжу-маржаны – Көлсай көлдерін тамашалап қайтты. Саяхатшыларға бағыт бойынша дайындалған жол көрсеткіштері мен Көлсай көлдерінің буклеттері және сыйлық ретінде естелік үшін кепкалар таратылды.

    Көл басында оқушылар аталмыш саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп, пікір жазылды. Оқушылар мен ата-аналар музей қызметкерлеріне есте қаларлық саяхат үшін ризашылықтарын білдірді.