Үстіміздегі жылдың 2 тамызында, Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Бақытты жанұя – бақытты ел» атты әлеуметтік жағдайы төмен отбасына тегін экскурсия жүргізді. Экскурсияның мақсаты балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру. Балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.