Ақын Мақпал Мысамен кездесу

Категория: Новости
Дата: 05.08.2019
Просмотры: 383 Печать страницы
Ақын Мақпал Мысамен кездесу

      Ү.ж. 5 тамыз күні Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде өскелең ұрпақты рухани және адамгершілік құндылыққа тарту, ұлттық өнерімізді дәріптеп, беделін арттыру, ақындық бағытты студенттер арасында кеңінен насихаттау, ұлт әдебиетінің бүгінгі өкілдерін жастар арасында  дәріптеу мақсатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, ақын Мақпал Мысамен кездесу өтті. Шараға қатысушылар кездесу барысында сырласып ой бөлісумен қатар, ізбасар жастардың жыр-шашуына куә болып қайтты.