Аңыздар кеші

Категория: Новости
Дата: 08.08.2019
Просмотры: 316 Печать страницы
Аңыздар кеші

     Қазақ.халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде,аталмыш тақырыпқа орай, өз туған жерінің, өлкесінің тарихын білу мақсатында,І.Жансүгіров атындағы тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері жас ұрпаққа Ақсу өңірінің киелі жерлерінің аңыз-әңгімелерін, әдеби мұрасын насихаттау барысында аңыздар кешін ұйымдастырды.