«Ата заң – алтын тұғырым»

Категория: Новости
Дата: 03.09.2018
Просмотры: 499 Печать страницы
«Ата заң – алтын тұғырым»

        «Қасым салған қасқа жол», «Есім салған ескі жол», Әз-Тәукенің Жеті Жарғысы сынды тарихи дала заңынан бастау алған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 23 жыл толып отыр. Қазақ елі тарихында алтын әріптермен жазылған айтулы күн қарсаңында Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Ата заңым – ардағым» атты кітап көрмесі безендіріліп, көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ауылдық Мәдениет үйінде музей және мәдениет үйі қызметкерлері бірлесе отырып «Ата заң – алтын тұғырым» атты  мерекелік шара өткізді. Шара барысында ҚР мемлекеттік Әнұраны орындалып, Алдабергенов ауылдық округ әкімі Мусапиров Төлеген Аппақұлы ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ата Заңымызды ардақтауға үндейтін, азаматтардың бойында патриоттық рухты шыңдауға бағытталған шара әсерлі өтті. Себебі, қашанда егемендігіміздің, мемлекеттігіміздің айқын бағдары мен айбыны болған Конституцияны ардақ тұту – әрқайсысымыздың азаматтық адал борышымыз деп білеміз.