«Елі сыйлаған Балпық би»

Категория: Новости
Дата: 14.08.2019
Просмотры: 1393 Печать страницы
«Елі сыйлаған Балпық би»

      Он екі ата Жалайырдың ішіндегі біртуар тұлға, ел басқарған көсем, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен  Балпық би Деріпсалыұлының туғанына  биыл 325 жыл. Тарихи тұлғаның көрегендігі мен ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталуы керек. Осы мақсатта  Балпық бидің 6-шы ұрпағы Н. Алдабергеновтың мемориалды музейінде «Елі сыйлаған Балпық би» атты тақырыптық экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында Балпық бидің өнегелі өмірі,  ел бірлігі мен татулығы жолындағы  қызметі жайлы мағлұмат берілді.