Қазақ жұртына белгілі әнші Досымжан Таңатаров еліміздің төрі Нұр-Сұлтаннан арнайы отбасымен Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Шанханай ауылдық округіне қарасты Шоқан ауылындағы Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейін көріп тамашалауға келді. Музей ішіндегі ғалымға қатысты қойылған жәдігерлерді асықпай аралап көріп шыққан әнші Досымжан Таңатаров өзінің Шоқан әлеміне енгендей күйде болғанын айтып,музей қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, осы музейден алған керемет әсерін музейдің естелік кітабына да жазып, қолтаңбасын қалдырды.