Ү.ж. 21 тамыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мен Алакөл аудандық архив қызметкерлері бірігіп «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жемқорлыққа –жол жоқ!» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, профилактикалық жұмыстарын насихаттау. Шара барысында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі» және «Жемқорлық –қоғам дерті» тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Шара соңында «Сыбайлас жемқорлық туралы не білесіз?» деген сұрақ төңірегінде қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелге №3 Қабанбай орта мектебінің ұстаздары қатысты.