Ү.ж 22 тамызында, ХІХ ғасырдағы танымал ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның өмірін зерттеп, ол туралы кітап жазған 86 жастағы ағылшын жазушысы, лектор, саяхатшы Джон Мэйси Стюарт қызы Джулимен Қапалға келді. Келген қонақтар алдымен шипалы "Тамшыбұлаққа" тоқтады. Ақын сараның мемориалды музейінің қызметкерлері қонақтарға шипалы "Тамшыбұлақ" суының тарихынан мағлүмат беріп, саяхатшы Томас Аткинсон өмірінен әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ақын Сараның мемориалды музейіне келді. Музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Келген қонақтар музей қызметкерлеріне көп мағлұмат алғандарын айтып ілтипаттарын білдірді. Экскурсия соңында Джон Стюарт өзінің "Томас, Люси және Алатау: Сібір мен Қазақ даласынлағы Аткинсондардың шытырман оқиғалары" атты кітабын музейге тарту етті.
Пресс-центр
Ағылшын жазушысы, лектор, саяхатшы Джон Мэйси Стюарт қызы Джулимен Қапалға келді
Категория: Новости | |
Дата: 23.08.2019 | |
Просмотры: 347 | Печать страницы |