Түрік зиялылары Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде

Категория: Новости
Дата: 03.09.2018
Просмотры: 473 Печать страницы
Түрік зиялылары Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейінде

Сүйінбай Аронұлының әдеби – мемориалды музейіне 30 тамызы күні Кечиөрен ауданының әкімі Мұстафа Ак, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және бір топ түрік зиялылары келіп музей ішін аралады.Түркияның бас қаласы Анкараның Кечиөрен ауданында Қазақстан мәдениет күндері басталған болатын. Осыған орай атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбайдың "Менің атым Қожа" кітабының және осы туындының желісімен түсірілген фильмнің де тұсаукесері болды. Алматыдағы Ұлттық кітапханада Кечиөреннен келген түрік бауырларымызбен бірге түрік тілінде шыққан "Менің атым Қожа" кітабының тусаукесері өтті. Бұдан басқа С.Торайғыров, М.Дулатов т.б жазушыларымыздың құнды кітаптары, романдары түрік тілінде шығып, қазақтың әдебиеті сол елде кеңінен насихатталып жатқанын дәлелдеді. 2015 жылы Анкара қаласының Кечиөрен ауданында Жамбыл Жабаевтың атына көше беріліп, Сүйінбай Аронұлының ескерткіші мен саябағы ашылған еді. Түрік ағайындардың бізге көрсеткен құрметіне қарымта ретінде және екі елдің бауырмалдығын нығайту мақсатында Жамбыл ауданының әкімі Бағдат Әлиев түрік бауырларды шақырып, аудан орталығынан Кечиөреннің атына көше берді. Қонақтарымызды қазақи салтымызбен думандатып қарсы алдық.