«Тарихқа толы Қарқара»

Категория: Новости
Дата: 23.08.2019
Просмотры: 377 Печать страницы
«Тарихқа толы Қарқара»

2019 жылдың 22-ші тамыз күні Кеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Қазақстанның сакралдық географиясы арнайы жобасы аясында, Республикалық медиажоспар бойынша «Ереуілтөбе» тарихи мемориалдық кешенінде «Тарихқа толы Қарқара» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Жылжымалы көрменің мақсаты: XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы Верный уезі, Қарқара жәрмеңкесінің тарихи, мәдени, рухани, экономикалық маңызын түсіндіру. Музей қорындағы Қарқара жәрмеңкесінде сатылуға қойылған құнды жәдігерлерді насихаттау, тарихын тереңнен түсіндіру. 1916 жылғы Қарқара ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты ақпараттарды жас ұрпаққа, халыққа жеткізу. Құнды жәдігерлерді көрсету, сонымен бірге Қарқара өзенінің маңынан табылған тас мүсіндердің орнын көрсетіп, тарихи маңыздылығын түсіндіру.

Қарқара ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Еркінбек Медеубеков пен Қарқара ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Кәден Тастабеков Қарқара жәрмеңкесі туралы, Қарқара көтерілісі және көне Түркі дәуіріне жататын тас мүсіндер туралы мағлұмат берді. Жылжымалы көрмені Тасашы ауылдық округінің, Қарқара ауылдық округінің мұғалімдері және «Кеген ауданының жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының жастары және жергілікті ауыл тұрғындары тамашалады.