
М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасаттылық пен адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары» атты акциясы аясында 23 тамыз «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнінде қала қонақтары мен тұрғындарына, сондай-ақ «Ақ-Жанел» сауықтыру орталығынан келушілерге Жетісудың баға жетпес мұралары таныстырылып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.