Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 28 тамыз күні Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ата заң – алтын тұғырымыз» атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: ҚР Конституциясының тарихына шолу жасау, маңызы мен мәнін айшықтау. Бұл шарада Конституцияның тарихынан бастап, еліміздің жеткен жетістіктері, бағындырған белестер жайында баяндамалар оқылды. «Ата Заң – ел тірегі» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Слайдта Ата заң қабылданған жылдан осы жылдарға дейінгі өзгерістер мен құқықтары жайында фотосуреттер көрсетілді.Қатысушылар тарапынан өрелі ойлар мен ұшқыр пікірлер білдірілді.