«Б.Сыртанов - тұңғыш қазақ Конституциясының авторы»

Категория: Новости
Дата: 29.08.2019
Просмотры: 339 Печать страницы
«Б.Сыртанов - тұңғыш қазақ Конституциясының авторы»

Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойына орай 2019 жылдың 28 тамызында ақынның әдеби музейінде Конституция күніне байланысты бұған дейін қалың жұртшылыққа есімі беймәлім болып келген, соңғы бірер жылдың көлемінде ғана жаңғырып, таныла бастаған тұлға, Ілияс Жансүгіровтің шет ел шығармаларымен танысуына себепкер болған Барлыбек Сыртановтың есімін көпшілікке таныстыру, насихаттау үшін «Б.Сыртанов - тұңғыш қазақ Конституциясының авторы» атты шара өтті. Қазақстан Республикасы конституциясының мәнін, қоғамдағы рөлін, даму кезеңдерінің маңызын түсіндіру мақсатында Талдықорған қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері арнайы шақырылып, Петерборда білім алған санаулы қазақ зиялыларының бірі, кезінде Алаш Орда үкіметінің төрағасы Әлиханмен Бөкейхановтың тапсыруымен алғашқы конституцияның үлгісін жазып шыққан жерлесіміз Барлыбек Сыртановтың өмірі мен қызметі жайлы мәліметтер беріліп, деректі фильмдер көрсетілді.Шара соңында музей залдары бойынша тегін экскурсия жүргізілді.