"Музейге сый "

Категория: Новости
Дата: 29.08.2019
Просмотры: 508 Печать страницы

2019 жылдың тамыз -қыркүйек айларында басталған "Музейге сый " науқаны Шелек тарихи -өлкетану музейінде жалғасуда. Мақсат -елге танымал тұлғалардың елеусіз жатқан дүниелерін жинастырып, ұрпақ қажетіне жарату. Осыған орай, Шелек ауылының тұрғыны , Еңбекшіқазақ ауданы мен Шелек ауылының құрметті азаматы Е. Сұлтанғазиев өзінің бірнеше жəдігерлерін музейге сыйға тапсыруды жөн көріпті. Е.  Сұлтанғазиевпен бірге музейге ауыл əкімі Е. Есенханов пен қатар ауыл тұрғындары, Ы. Алтынсарин мектебінің оқушылары келді. Музей меңгерушісі өз сөзінде осындай нәтижелі істеріміз тұңғыш президентіміздің рухани жаңғыру мақаласымен де үндес екенін айтып өтті. Шара соңында қонақтар музей ішін тамашалап, өз алғыстарын білдіріп қайтты.