«Өлеңге әр кімнің де бар таласы»

Категория: Новости
Дата: 03.09.2019
Просмотры: 326 Печать страницы
«Өлеңге әр кімнің де бар таласы»

Үстіміздегі жылдың 29 тамызында Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері «Музейдегі түн» атты шара өткізді. Шара келген қонақтарды ауданымыздың 90 жылдық тарихымен таныстырумен басталып, «Өлеңге әр кімнің де бар таласы» атты поэзия кешімен жалғасын тапты. Келушілер Қуаныш Қолхаевпен жүздесіп,  ақынның адами құндылықтарды биік ұстауға шақыратын өлеңдерімен сусындады. Сонымен қатар келген Әйгерім Әуезова, Ақмаңдай Нығмет, Айсұлу Съезхан сынды жас ақындар да өз шығармашылықтарымен бөлісіп, түрлі тақырыптағы құлаққа жағымды өлеңдер оқып тарқасты.