«Отбасы – алтын діңгек»

Категория: Новости
Дата: 06.09.2019
Просмотры: 329 Печать страницы
«Отбасы – алтын діңгек»

6 қыркүйек күні Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде Отбасы күніне орай «Отбасы – алтын діңгек» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Бұл сайысқа Жамбыл ауылынан 3 отбасы қатысты. «Топжарған», «Тұлпар», «Жас қыран» деп аталған топ мүшелері бірнеше кезеңнен тұратын сайысқа қатысып, түрлі ойындар ойнады. Отбасы отағасылары гир көтеріп, қол күрес сайысына түсті. Аналар секіртпеден секіріп бақ сынасты. Сондай-ақ түрлі эстафеталар мен ұлттық ойынымыз арқан тартысу да болды. Сайыс өте тартымды, қызықты өтті. Жүлделі 1 - орынды «Толағай» тобы иеленсе, 2 орынды «Жас қыран», 3 орынды «Тұлпар» командалары өз қанжығасына байлады. Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы алдағы уақытта бұл сайыстың деңгейін кеңейту керектігін баса айтып, қатысқан топ мүшелерін мадақтама қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.