«Көненің көзі, асылдың сынығы»

Категория: Новости
Дата: 09.09.2019
Просмотры: 1124 Печать страницы
«Көненің көзі, асылдың сынығы»

Ж. Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінде 9 қыркүйек күні Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы,  «Музейге сый» акциясы аясында «Көненің көзі, асылдың сынығы» атты іс-шара өтті.  Іс-шараның мақсаты ежелден келе жатқан ата-дәстүрімізді дәріптеу, өткен тарихқа үңіле отырып, жас ұрпақты өз мәдениеті мен өнерін сүюге тәрбиелеу. Шараға «Музейге сый» акциясы барысында ауылымыздың тұрғыны, Жамбыл ауданы құрметті азаматы 90 жасқа келген Кулмайрам Ахметова әжеміз қатысып, музей қорына жез құмған, кілемше және тоқылған үстел жапқыш тапсырды. Кулмайрам әжеміз әр жәдігердің тарихымен таныстырып, кілемшеге бір ғасыр болғанын ерекше атап өтті. Өзінің қайын атасы Меккеге барған сапарында ала келген бұл заттың ерекшеліктері мен қасиеттерін айтып берді. Сондай-ақ Республикалық «Сөз өнері» газетінің оқырманы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының тұрғыны Қалмұханов Мұхамбетсадық Ұлықпанұлы өзінің әжесі қолданған тұрмыстық бұйым «келі келсапты» музейге тапсырған еді.